Ортопедия бөлімшесінің ұжымына және ұлым Жасұланның емдеуші дәрігері Харамав Исамдун мырзаға шын жүректен шексіз алғысымды білдіремін! Операция алдында барлығын түсіндіріп , сұрақтарымның барлығына жауап беріп , алтын уақытын бөлді👍🏻👍🏻👍🏻Ұлыма жасалған операция жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ, операция алдында баланың да, біздің де қорқынышымызды сейілтіп, анестезияны өте кәсіби деңгейде жасаған анестезиолог дәрігер Бостанчиев Джалали мырзағада мың алғыс! Жасулан анестезиядан еш қиындықсыз, өте жеңіл әрі тез оянды. Қазіргі уақытта ұлым әлі де ауруханада ем қабылдап жатыр. Осы бөлімше мамандарының кәсібилігіне толық сенеміз және балама алдағы уақытта да 100% жоғары деңгейдегі күтім мен назар аударылатынына еш күмәніміз жоқ. Ортопедия бөлімшесіндегі тазалық, тәртіп және медициналық қызметкерлердің жылы қабағы үшін ризашылығым шексіз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт және еңбектеріңізге береке тілеймін! Ізгі ниетпен, Жасұланның анасы.